"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Дарийдің сақтарға жорығы

Парсы патшасы Дарий І де біздің заманымыздан бұрынғы 519 жылы сақтарға жорық жасаған. Бұл жорықта Дарий I шошақ бөрікті сақтарды (тиграхаудаларды) жеңіп, олардың қолбасшысы Скунханы колға түсіреді. Тиграхауда-сақтар бұл шайқасқа дейін парсыларға бағынышты болмаған. Сақтардың қажырлы қарсылық көрсетуінің арқасында Дарий I жеңіліске ұшырайды. Жортуылдардың бірінде Дарий патша сақтардан әрең құтылады. Ол жараланған жауынгерлері мен көліктерін тастап қашады. Дарийдің осы жорығы кезінде Ширак (Шырақ) деген бір сақ жауынгері өз денесін өзі жарақаттап, парсыларға қашып барады. Ол өзін тайпаластарының жазалап, тастап кеткенін айтып, олардан кек алу үшін парсы әскерін бастап апаруға уәде береді. Осылайша парсы әскерлерін алдап, шөл далаға адастырып әкетіп, сусыз далада қырғынға ұшыратады.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 143 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика