"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Гүржі падишасы – Гурандухт

XII ғасырда Гүржістан патшасы IV Дәуіт селжұқ түріктері мен парсылар шапқыншылығына, Гүржістанның бірігуіне қарсы ішкі жаулар әрекеттеріне батыл түрде тойтарыс берді. Ең қатерлісі ішкі жаулар еді. Өйткені «Қорқыт ата кітабында» айтылғандай, сыртқы жаудан ішкі жаудың қатері орасан күшті. Ең алдымен патша туыстары IV Дәуіттің көзін жойып, онымен қоса бірігу идеясының тамырына балта шабу үшін түрлі арандатушылық әрекеттерге барды. Жауларынан төнген қатер бұлтын сейілту үшін Дәуіт патша әйелінің туыстары - қыпшақтардан көмек сұрауға шешім қабылдады. IV Дәуіттің жұбайы Гурандухт (Турандот ханшайым) қыпшақ ханы Сары ханның (Шарукан) қызы еді. Дәуіт патша ханның ұлы Атракты өзіне қызметке шақырады. Жауынгер осетиндер қыпшақтармен жау еді. Бірақ Дәуіт патша олармен келісімге келеді. Сөйтіп, осетиндер өз жері арқылы гүржі патшасының жеке күзетіндегі 5000 салт аттыны және қыпшақтың 40 000 таңдаулы әскерін кедергісіз өткізеді. Дәуіт патша қыпшақтардың көмегімен гүржі ақсүйектерінің сағын сындырып, Гүржістанды бір елге біріктіріп, селжұқ сұлтандарының шапқыншылығына тойтарыс береді. Осылайша, бір кезеңде Гүржістан өзінің тәуелсіздігі үшін қыпшақтардың әскери жәрдемі мен қыпшақ ханының қызы Гурандухтқа борышты болды.
Гүржі падишасы - Гурандухт жайлы лақап Еуропаға жетіп, италияндық драматург Карло Гоцци «Турандот ханшайым» пьесасын жазды. Оның басты кейіпкері шығыс ханшасы - Тұран қызы Гурандухт еді.
Гурандухт - қыпшақ билеушісі Сары ханның қызы, Гуржістан патшасы IV Дәуіттің жұбайы еді.


Гурандухт әкесімен

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 31 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика