"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Владимир Смирнов (шаңғы тебу)

Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 1994 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, төрт дүркін әлем жеңімпазы. Қазақстан Республикасының «Халықтар достығы» және «Даңқ» ордендерінің иегері.
Ол әлемдегі ең күшті шаңғышылар – бірінші үштік тобына кіреді. Владимир Смирновтың таңқаларлық шеберлігіне барлық шаңғышылар қызығады.
Смирнов Щучинск қаласында дүниеге келген. Ол шаңғымен 12 жасынан айналысқан. Өзі туралы Володя:
- Мені кішкентайымнан классикалық әдіспен шаңғы тебуге баулыды. Ал өзім үлкен қашықтықты ұнатамын. Алдыңғы үштікке шығамын деп ешқашан ойламағанмын. Бірақ олимпиадалық ойындардағы күтпеген табысым мені одан әрі үміттендірді, – дейді.
Ұзақ жылдар бойғы тынымсыз жаттығу жұмыстары Владимирді марафондық жарыста табысқа жеткізді.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 577 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика