"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Владимир Вохмянин (тапаншамен ату)

КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1982 жылғы Еуропа жеңімпазы, 1982 және 1986 жылдардағы әлем жеңімпазы, Әлем кубогының иегері, XXVжәне XXVI Олимпиадалардың қола жүлдегері.
Теміртаулық Владимир Вохмянин Қазақстаннан бірінші болып, тапаншамен тез атудан Барселонда өткен XXV Олимпиадада қола жүлдеге ие болды.
Бәрі де кәдімгідей басталған еді. 1974 жылы тапаншамен ату бөліміне қабылдау жарияланды. Оны жас бапкер Анатолий Бабушкин жүргізді. Володя – алғашқы жазылған оқушылардың бірі. 1980 жылы КСРО кубогінде үшінші орынды алып, кейін Еуропа біріншілігіне қатысып, жастар арасында алтын алқаның иесі болды, Олимпиадалық топқа кірді.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 575 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика