"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бумын қаған

Бумын (кытай жазбаларында Ту-мынь кахань) (т.ж.б. - 553 ж.) - Түрік қағандығының негізін қалаушы қаған (542 - 553 жж. билік еткен), Ашина тайпасынан шыққан. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қоластындағы Темір кенін өндіріп, соларға қару-жарақ соғумен айналысатын бодан ел болған. Түркілердің басшысы болған әкесі өлгеннен кейін, VI ғасырдың ортасынан бастап мұрагерлік жолмен Бумын таққа отырады. Қытай жазбаларында Тумын қаған, түркі ескерткіштерінде Бумын қаған деп атайды. Бумын қаған түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын құрады. Бумынның тұсында түркілер әскери жағынан күшейіп, Қытайдың Чжоу мемлекетімен сауда қатынасын орнатады. 545 жылы Вэй империясы оларды мойындап, елші жібереді. 546 жылы Тұрфандағы телілердің бір бөлігін бағындырады. 552 жылы Бумын қаған бастаған түрік әскерлері жужандармен соғысып, жеңіске жетеді. Осыдан бастап түркі жұрты Алтай өңіріндегі солтүстік қыр өлкесінің қожасына айналады. Бумын қаған «елхан» лауазымын алған соң көп ұзамай қайтыс болады. Таққа баласы Қара Ыссық хан келеді.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 24 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика