"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Болат Сарыбаев

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңғарған Дина Нүрпейісова өз домбырасын сыйға тартады. Бұл күй анасының оған артқан сенімі еді. Динаның ақ батасын алған жас өскін Алматы консерваториясын ойдағыдай бітіріп, еңбек жолын осы өнер шаңырағынан бастаған. Қазақ халқының музыка аспаптарын жинап, отызға жуық түрін анықтаған. Археологиялық экспедицияда табылған саз балшықтан жасалған үш ойықты сазсырнай аспабын қалпына келтіріп, өзі ойнап дыбыстандырған.
Б.Сарыбаев – сан алуан өнерпаздарды тәрбиелеген, қазақ халқының мәдениетінің дамуына ықпал еткен ғалым, ұстаз.
Ұлттық аспаптарды қайта жаңғыртуға үлес қосқан ғалым Болат Сарыбаев есімі ел есінде мәңгі сақталады.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 556 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика