"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бикен Римова

Бикен Ырымқызы Римова (1923-2000) – актриса, Қазақстанның халық әртісі. Бикен Римова театрды бала кезінен ұнатқан. Ол драмалық үйірмелерге қатысып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының болашақ әртісіне Қалибек Қуанышбаев, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков сияқты қазақ драмалық өнерінің шеберлері көп әсерін тигізді. Жас актрисаның тұңғыш сахнаға шығуы – М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек»трагедиясындағы Еңлік рөлі. Онда ол кейіпкердің бүкіл драмалық өмірін көрсете білді. Жиырма жыл бойы Еңлік бейнесі Бикен Римованың орындауымен сахна төрінде жұлдыздай жарқырап жүрді.
Оның сахна төрінде ойнаған рөлдері – қайталанбас бейнелер. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» – Күнікей, «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында – Мәрзия, М.Әуезов пен С.Соболевтің «Абайында» – Зейнеп, Т.Ахтановтың «Кездейсоқ кездесуінде» – Ғалия, Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емесінде» –Фарида. 1966 жылы Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» пьесасындағы ана рөлі үшін Бикен Римова Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сол кезде Қазақ КСР-нің халық әртісі атағын алды.
1955 жылдан ол киноға түсе бастайды. Көпшілігімізге Бикен Римова «Шабандоз қыздағы»– Баршагүл (1955), «Тақиялы періштедегі» – Жамал (1968), «Менің атым Қожадағы» – ана бейнесі және «Тоғысқан тағдырлар» теленовелласындағы Гүлбибі апа кейіпкерлері арқылы белгілі.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. –558-559 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика