"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бибігүл Төлегенова

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова – КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бибігүл 1929жылы 16 желтоқсанда Семейде әншілер отбасында дүниеге келген. Анасы әнді жақсы айтып, әкесі скрипкада ойнаған.
Бибігүл балалық шағынан көркем-шығармашылық үйірмеге қатысқан. Оның әншілік жолына түсуіне жазушы Галина Серебрякованың септігі тиген.1951 жылы консерваторияда оқып жүрген кезінде Бибігүлдің лирикалық-колоратуралық сопраносының әсемдігі жоғары бағаланып, қазақ радиосына әнші ретінде жұмысқа шақырылады. 1954 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Опера және балет театрындағы труппаға кіреді.Бибігүл Төлегенова  Құрманғазы атындағы халық аспаптары  оркестрімен бірге республиканың барлық өңірі мен Кеңес Одағын түгел аралайды. Ол опера сахнасында Қыз Жібек, Еңлік, Гүлбаршын, Виолетта, Джильда және басқа да бейнелерді жоғары деңгейде орындайды.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 552 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика