"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Берке

Берке (1209 - 1266 жж.) – Алтын Орданың Батудан кейінгі атақты ханы. Ол – Жошының үшінші ұлы, Батудың тетелес інісі. Алтын Ордадағы беделді нояндардың бірі болған Берке ағасының өлімінен кейін билікті өз қолына алады.
Берке хан тұсында Алтын Орданың қуаты бұрынғыдан да артып, көркейді. Ол мұсылман дінін бүкіл Алтын Орданың ресми діні етіп жариялады. Жаңа қала - Берке Сарайы бой көтерді.  Қара теңіз  жағалауында Судақ порты салынды.
1257 жылы Берке хан өзіне бағынышты орыс князъдіктерінде    халық    санағын  жүргізді. Бұл оған жиналатын салық мөлшерін бақылап отыру үшін қажет болды. Орыс шаһарларында салық жинаушылар қоныстарының орны әлі күнге дейін «татар слабодкалары» деп аталады.
Берке 1266 жылы Қап тауына кезекті жорығы кезінде қаза болып, оның денесі Берке Сарайында жерленді.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 39 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика