"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бақтияр Артаев(бокс)

Боксшы Артаев Бақтияр 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. 2004 жылдан бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бапкері – Н.Ақұрпеков. Қазақстандық және халықаралық жарыстарда бірнеше дүркін жеңімпаз болды. 2002 жылғы Азия чемпионатының (Филиппин) және 2006 жылғы Азия ойындарының (Катар) күміс жүлделерін иеленген. 2005 жылы Қытайда және 2007 жылы Америкада өткен Әлем чемпионаттарында екі рет қола жүлдені жеңіп алған. Грекияның Афины қаласында 2004 жылы өткен олимпиадалық ойындардың жеңімпазы және олимпиадалық ойындардың ең үздік боксшысына берілетін Баркер кубогінің иегері болды. I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 580 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика