"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бекзат Саттархан(бокс)

Олимпиадалық ойындардың чемпионы атағын жеңіп алған спортшылардың бірі – Саттархан Бекзат. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Бапкерлері – Н.Жұмабаев, В.Везирякин. Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері, Германия мен Финляндияда өткен және Қазақстандағы Ә.Нұрмақанов атындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы болды. Жастар арасында Азия біріншілігінің жүлдегері, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Қазақстан біріншілігінің, К.Әбдәлиев және С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Азия чемпионатының, III Орталық Азия ойындарының және Венгриядағы халықаралық турнирдің, Испаниядағы, Чехиядағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мәскеудегі Гран-при кубогінің иегері болды. 2000 жылы Австралияда Сидней қаласында өткен XXVII Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды, I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған. 2000 жылы 31 желтоқсанда Түркістан қаласында қаза болды.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 579 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика