"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бату хан

 

Бату (Батый, Сайын хан) (1208 - 1255 жж.) - Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы, Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы. 1227 жылы ақпанда әкесі қайтыс болып, Жошы ұлысын (Ертістен Дунайға дейінгі аралық) басқарады. 1235 жылы Қарақорымдағы Ұлы Құрылтайда Батысқа жорық жасау туралы шешім қабылданады. Бату бастаған қалың қол 1236 жылы Еділ бойына жетіп, жергілікті қыпшақ тайпаларын, келесі жылы желтоқсанда орыс князьдіктерін өзіне бағындырады.
1241 жылы Бату Еуропаға шабуылға аттанады. Краков пен Бреславль шаһарлары отқа оранады. Лигница түбіндегі неміс-поляктармен болған шайқаста Бату сарбаздары көшпелілердің соғыс өнерінің еуропалықтардан көш ілгері екенін дәлелдеді. 1241 жылдың желтоқсанында Ұлы хан Үгедей қайтыс болды деген хабар жетеді. Бату жорықты тоқтатып, Қарақорымға қайтады. Осы кезде Ұлы хан болып Үгедейдің ұлы Күйік сайланған еді. Бірақ Күйікті бұл таққа лайықсыз деп есептеген Бату бөлініп шығып, аймақта дербес мемлекет құрады. Оны Алтын Орда деп атайды.
Алтын Орда мемлекеті Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ жерлерін, Ресейдің Еуропа жақ бөлігін, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелерді, Польша, Венгрия, Бұлғария, Кавказ аймақтары кіретін кең-байтақ жерлерді қамтыды. Алтын Ордада мемлекетті басқару ісі Шыңғыс ханның «Жасақ» заңдар жинағына сәйкес жүзеге асырылды.
Бату хан тұсында Алтын Орда нығайып, мемлекетті басқару ісіне, салық жинау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халық санағы жүргізілді. Аймақтағы байланыс желісі қалыптастырылды. Қалалар мен бекіністер салынды.
Бату 1255 жылы 47 жасында қайтыс болып, Еділ сағасындағы аралдардың бірінде (Ахтуба алқабы) орналасқан Сарай қаласында көшпелілер салтымен жерленген.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 38 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика