"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Байбарыс сұлтан

Байбарыс (Бейбарыс) сұлтан (1217/18 - 1277 жж.) – Мысыр елінде 17 жылдан аса сұлтандық құрған әміршісі әрі әйгілі мәмлүктердің қолбасшысы. Ол Батыс Қазақстан қыпшақтарынан шыққан. Моңғол шапқыншылығы кезінде Байбарыс тұтқындалып, Мысырда құлдыққа сатылып, мәмлүктер әскеріне алынды. Әскери жолын алғашқыда сардарлықтан, кейін әскербасылықтан бастаған ол өзінің ақылдылығы мен батырлығының, әскер ұйымдастырудағы және ұрыс жүргізудегі табиғи дарынының арқасында XIII ғасырдың ортасында билік басына көтерілді. Мәмлүктер мемлекетінің билеушісі және әскербасы атанды. Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылған ержүрек те, епті сарбаздардан тұратын сан мыңдаған әскері болды. Әскері, негізінен, әр түрлі түркі тайпаларының өкілдерінен құралды.
Байбарыстың әйгілі әскербасы ретіндегі дарыны оның жеңілуді білмеген моңғолдарға соққы беріп, крестшілерді талқандай алғанынан көрінді. Ол билік басына келісімен бар күш-жігерін крест тағушы франктерге қарсы шабуылға жұмсайды. Оларға 1265 жылы шабуыл бастап, қамалдарын бірінен кейін бірін алады. Бұдан соң Кіші Армения патшалығына (1267 ж.), Кіші Азия селжұқтарына қарсы жорықтар жасап, берберлерді бағындырады. Байбарыс Хулагу моңғолдарына қарсы күресу мақсатымен Қыпшак мемлекетімен (Алтын Ордамен) әскери одақ жасасады. Осыдан бастап Египет пен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнайды.
Байбарыстың көршілес және алыс елдерге жасаған сәтті жорықтары Мәмлүктер мемлекетінің едәуір күшеюіне алып келді. Аравиядағы қасиетті мұсылман қалалары да Байбарыс сұлтанның қорғауында болған. Бейбарыс сұлтан медреселер салуға көп күш жұмсаған, каналдар мен бөгеттерді жөндеткен. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Байбарыс мешіті» деп аталады.
Байбарыстың өмірі туған жерінде емес, шалғай аймақта өтті. Бөтен жерде сұлтан дәрежесіне дейін көтеріліп, ел басқарған ол қыпшақ жұртының даңқын аспанға шығарды. Көшпелілер даласының рухын биіктетіп, құдіретін әлемге танытты.
Қазір оның кіндік қаны тамған жерде - Жайық өзенінің атырауында биік тұғырға орнатылған алып бейнесі тұр.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 26-27 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика