"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Афрасиаб патшаның қызы – Фарангиз ханша

 

Талай ғасырлар бұрын ежелгі Тұран мен Иран жерлерінде скифтер (сақтар) мен парсылар арасында қиян-кескі соғыстар жүріп жатты. Тұран патшасы Афрасиаб пен оның мәңгілік жауы Хұсрау жеңіс үшін өз жауынгерлерін аямай, бірінен соң бірін соғыс майданына аттандырды.
Бір күні парсы ханзадасы Сияуыш серуен құрып жүрген қыздар арасынан Афрасиабтың қызы Фарангизді көріп, оған ес-түссіз ғашық болып қалады. Қыз да сол сәтте тек ханзада Сияуыш қана өзіне лайықты жар бола алатынын түсінеді.
Афрасиаб екі халық арасындағы татулық пен тыныштықты ойлап, өзінің сүйікті қызы мен парсы ханзадасының қосылуына келісімін береді. Өздерінің махаббатына ешкім бөгет болмауы үшін Сияуыш ізгілік пен мейірімділік, әділеттілік пен ақиқат, теңдік пен еркіндік өркендейтін «Сияуыш қаласын» салуға шешім қабылдайды. Осы қаланы тұрғызу үшін сақ пен парсы әскерлері араларындағы ғасырлық жауыздықты ұмытып еңбек етеді. Нәтижесінде құрылысшылар ақ мәрмәрдан қала көтереді. Оның қабырғалары мен қақпасын шебер ойылған өрнектермен әшекейлеп, төрт тарабынан төрт биік мұнара тұрғызады. Бұл кезде той рәсімін өткізетін уақыт та тақап қалған еді. Бірақ зұлым жаулар ханзаданың еркіндікті көздеген жобасына кедергі жасайды. Өсек-аяң тыныштықты бұзып, ғашықтар көз жұмады. Тұран мен Иран арасында соғыс қайта басталады. Бір кездері жазық далада бой көтерген, Фарангиз ханшайым мен оның сүйіктісі Сияуыш ханзада өмір сүруді арман еткен ғашықтар қаласы қиратылады. Тіпті, орны да белгісіз.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 29 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика