"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Амазонкалар падишасы – Ипполита

 

Бағзы заманда жауынгер амазонкалар Азов теңізін мекендеген. Олар өмірлерін үнемі соғысумен өткізген. Жебе, садақ, ұрыс балтасымен және жеңіл қалқанмен қаруланған. Киімдері мен дулығаларын өздері дайындаған.
«Амазонка» атауы қару ұстап соғысуға, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп қыздың омырауын күйдіру немесе кесіп тастау ғұрпынан шыққан. Көне грек тілінен аударғанда «амма» - емшек, төс, «зона» - орын деген мағынаны білдіреді.
Амазонкалар өз ұрпағын жалғастыру үшін бөтен елдің еркектерімен некеге отырған. Егер ұл туса, оны өлтіріп тастап, тек қыздарды тірі қалдырған. Амазонкалар қыздарын нағыз жауынгерлер сияқты тәрбиелеген.
Амазонкалар трояндықтармен бірге ежелгі Троя қаласы үшін гректерге қарсы соғысады. Осы ұрыста Ахилл* амазонкалардың батыр қызын - Пенфесилеяны өлтіреді. Геракл* амазонкалар қаласы Фемискарды қоршап, олардың падишасы Ипполитаның белдігін иеленеді. Тесей* Антиопаға (Ипполитаның анасы) үйленеді. Амазонкалар Эфес қаласын салып, осы жерде Артемида храмын тұрғызған. Ежелгі скифтер амазонкаларды «эорпата», яғни күйеуін өлтірушілер деп атаған.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 28 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика