Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында Тараз – Бішкек көлік жолынан солға қарай ортағасырлық Аспара қаласының орны сақталған. Қаланың құлаған қабырғаларының ұзындығы: солтүстігінде – 245 м, шығысында – 300 м, оңтүстігінде – 196 м және батысында – 150 м. Цитадельдің (ішкі қамалдың) аумағы – 190х160 шаршы метр, биіктігі – 15 м. Қаланың негізгі бөлігі V - XII ғасырлар аралығында қаланған. Дегенмен, қазба жұмыстары кезінде оның солтүстік-шығыс шетінде орналасқан бөлігінің XIV - XV ғасырларда болғандығы дәлелденді. Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде Аспара қытай және араб деректерінде (Сюань-Цзянь, Құдама, ибн Хордадбех) жиі кездеседі.
Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 300 бет.