"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Арыстан баб кесенесі

Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен танымал. Ислам дінінен басқа отыз үш дінді білгені және әулие кісі болғаны жайлы халық арасында аңыз бар.
Арыстан баб кесенесінің ең көне бөлігі – қабірхана шамамен XII ғасырда салынған. XIV ғасырда мазар қайта қалпына келтірілген. Кесененің салынуы жайында мынадай аңыз тараған.
Мәуереннахр билеушісі Әмір Темір Қожа Ахмет Иасауидің құрметіне кесене тұрғызуға жарлық етеді. Кесененің қабырғалары қаланып болған түні алып өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Кесене қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қаланғанда әлгі оқиға тағы қайталанады. Осындай оқиғалардан кейін Әмір Темірдің түсіне ақ киімді қария кіріп: «Алдымен Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы – Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал», - дейді де ғайып болады. Ертеңінде Әмір Темір Арыстан баб әулиенің қабірінің басына кесене тұрғызуға жарлық береді. Ол салынып біткенде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы ойдағыдай аяқталады. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы аймағындағы көне Отырар жерінде Арыстан баб кесенесі бой көтереді.
Кешен XX ғасырларда жергілікті халықтың қаражатымен қайта өңделген. Дәліз – қақпа маңдайшасындағы мәрмәр тақтаға һижра бойынша 1327 жыл деп соңғы құрылыс жүрген уақыты көрсетілген.

Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелер мен қабірханаға бөлінген. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Соңдықтан бүгінгі күнге дейін бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етушілер кездеседі. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 505-506 бет.

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика