"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

1723 жылы көктемде жоңғарлардың қалың қолы қазақ даласына 7 түмен әскермен басып кіреді. Шапқыншылар бейбіт елді қырып-жойып, жері мен мал-мүлкін тартып алуды көздеген еді. Қыстаулары бір-бірінен алшақ орналасқан, қыстан жүдеп шыққан қазақтар қапыда қалып, қырғынға ұшырайды. Ұлы жүз бен Орта жүз Сырдариядан өтіп, Ходжентке, ал Орта жүз руларының көпшілігі Самарқандқа көшеді. Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға жылжиды. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұмға өтеді.
Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Шапқыншылықтан, аштықтан қазақ халқы үштен екі бөлігінен айырылды. Осы кезеңдегі халықтың тартқан қасіретінен «Елім-ай» әні өмірге келген.
1726 жылы қазақтың үш жүзінің өкілдері Ордабасы тауында бас қосады. Құрылтайда әр рудың билері, даңқты қолбасшылары мен батырлары жауға бірлесіп соққы беруге шешім қабылдайды. Сөйтіп, қазақтар келесі жылы жоңғарларға қарсы шабуыл жасап, оларды қазақ жерінен ығыстыра бастайды.


Ақтабан шұбырынды. Суретші М. Қаспақ

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 148 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика