"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


«Алтын адам»

 

1970 жылдары К.А.Ақышев пен Б.Н. Нұрмұхамедовтың басшылығымен қазақстандық археологтар Есік қаласы маңындағы обалардың бірінен бүгінде әлемге әйгілі «Алтын адамды» тапқан. Олар диаметрі 60 м, биіктігі 6 м болатын топырақ үйіндісінің орта және бүйір тұсының астынан екі қабірді аршыды. Орталық мола ертеректе тоналған екен. Ал бүйірдегі моладан Тянь-Шань шыршасынан кесілген бөренелерден жасалған там қазылып алынды. Тамның табанына, ағаш еденге кілем төселген (алайда кілемдер шіріп, алғашқы қалпын сақтамаған). Сол кілемнің үстінде бастан-аяқ алтын бұйымдармен әшекейленген киім киген адамның денесі (қаңқа сүйегі) жатыр. Үстінде – болат сауытқа ұқсас күдері ден тігілген қызыл күрте, аяғында – былғары етік, басында – биік былғары дулыға. Уақыт өте келе матасы тозған. Бірақ киімдер мен бас киімдерге тігілген алтын бұйымдар, әшекей жапсырмалар, қабылан бейнеленген белдік бас, екі балдақ және масақты оқ атар сол қалпында сақталған. Дулығаның маңдайшасына алтын жалатқан қанатты екі тұлпардың бейнелері жапсырылған. Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігі 200-ден астам аң, құс бейнелі алтын жапсырмалармен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. «Алтын адам» аталуы да соңдықтан. Соңымен қатар «Алтын адамның» қасына қыш құмыралар, ағаш ыдыс-аяқтар, т.б. заттар көмілген. Соңың бірі – 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғылымда «Есік жазуы» деп атайды.
Бұл ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.
Есік обасы – Қазақстандағы б.з.б. V - IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Қазір «Алтын адам» Қазақстан мұражайын көркейтуде.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 310 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика