"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Алаша хан кесенесі

 

Ұлытау өңіріндегі көптеген сәулеттік ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биік. тұлғалы туындысы Алаша хан кесенесі. Алаша хан кесенесі Ұлытаудың Қаракеңгір өзенінің жағасында биік жотаның үстінде тұр. Кесенесінің нақты қай кезде салынғаны белгісіз. Ғалымдар кесенені Қарахан әулеті заманында (X-XIII ғғ.) салынған сәулет өнерінің ескерткіші деген пікір айтады. Кесененің биіктігі – 10 метр. Ол күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Кіреберіс сол жақ бұрышындағы баспалдақ арқылы жоғары көтеріліп, кесене үстіне шығуға болады. Кесененің сырты әр түрлі кірпіштерден геометриялық өрнектер жасау арқылы көркемделген. Порталы мен күмбезі жұқа сырлы қаптамалармен қапталған екен. Бірақ олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.
Алаша хан туралы көптеген аңыздар бар. Қазақ аңыздарында Алаша хан түркі тайпаларының басын қосқан хан ретінде танымал. Ғалым Шоқан Уәлихановтың жазбаларында мынадай жолдар кездеседі. «Түркістанның Қызыл Арслан деген ханы баласы алапес болып туылғандықтан, оны ұнатпай «Алаша» деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға жер аударып жібереді. Бала өсіп ержеткен соң, оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі артады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, жұрт оны қадірлеп хан көтереді».

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 504-505 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика