"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Ыстықкөл

Ыстықкөл (қырғызша Ысык-Көл) — Солтүстік Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау тау жоталарының аралығында, 1608 м биіктікте (Ыстықкөл қазаншұңқырында) орналасқан тұйық көл, Қырғызстан жерінде. Дүние жүзіндегі ірі тау көлдерінің бірі. Аумағы 6236 км², ұзындығы 178 км, ендірек бөлігі – 60 км, ең терең жері – 668 м, орташа тереңдігі – 278 м, көлемі – 1738 км³. Жағалық сызығының ұзындығы – 597 км. Көлге 50-ден астам шағын өзен құяды (олардың жылдық ағыны 3 км³). Ірілері – Жырғалаң, Түп. Ыстықкөл алабының аумағы 21,9 мың км². Жағалары нашар тілімделген, терең шығанақтар шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауында ғана кездеседі. Климаты қоңыржай континенттік. Жағалауындағы ауаның температурасы шілдеде 16 – 17°С, қаңтарда –2° – 7°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 110 – 470 мм. Көл бетінен булану мөлшері – 700 мм. Күшті желдер (жылдығы 30 – 40 м/с) әсерінен көлде биіктігі 3 – 4 метрлік толқындар болады. Деңгейінің ауытқу амплитудасы 10 – 50 см. Суының беткі температурасы қаңтарда 2 – 3°С, шілде–тамызда 19 – 20°С. Қыста суы қатпайды, аязды жылдары шығанақтары ғана қатады. Мөлдірлігі – 12 м, тұздығы – 5,8 ‰. Балықтың 20-дан астам түрі (шабақ, сазан, көкбас, т.б.) бар. Кеме жүзеді. Көл өңірінде 1958 жылы Ыстықкөл қорығы ұйымдастырылды. Басты порты – Балықшы. Ыстықкөл жағалауы Орталық Азиядағы маңызды рекреациондық аудан: Шолпаната, Жырғалаң, Жетіөгіз, Тамға курорттары, демалыс үйлері, турбазалары ұйымдастырылған.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 9/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика