Шағыл мысығы – кішірек жабайы мысық (денесінің ұзындығы 40-50 см, құйрығы 20-30 см, салмағы 1,5-3 кг). Қызылқұм шөлі мен Каспий теңізі маңында үйілген құм төбелерді мекендейді. Жемтігін түнде, суық кезде күндіз аулайды. Ақпан-наурызда күйлейді. Сәуірдің аяғы мен мамырда 8 марқауға дейін туылады, жыл аяғында олардың салмағы үлкен мысықтың салмағымен бірдей болады. Тышқантәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстар, сирек бауырымен жорғалаушылар және жәндіктермен қоректенеді. Негізгі жемтігі – құмтышқандар. Мысықтың санының артуы мен таралуы – құмтышқанның көп болуымен тығыз байланысты. Шағыл мысығы сирек кездесетін түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1978, 1991, 1995). Үстірт қорығы мен Ақтау-Бозашы қорықшасында қорғалады.
Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. - Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.