"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Цунами

Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылдамдығы 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мысалы, адамзат тарихындағы цунамимен байланысты ең ірі апат — 2005 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда болды.

Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8,9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м-ден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Цунамидің жойқын күшінен 300000 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.
Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада) жиі қайталанады. 20 ғасырдың 40 — 50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын цунами қызметі құрылды. Болжам цунами толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 9/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика