"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Хафиз

Хафиз Ширази Шамседдин Мохаммед Мохаммед (1306 жылы шамасында, Шираз шаһары - 1371, сонда) - парсының әйгілілирик шайыры. Құранды жатқа біліп, Хафиз атанған. Өз заманының ең озық ғылыми жетістіктерін меңгерген. Xафиз ғазалдары парсы әдебиетінің жауһар туындылары қатарына саналады. Оның ғазалдарынан басқа рубаи, тәржибәнд және сақинамалары да бар.

Оның даңқын шығарған ғазал жанры, негізінен иләһи махаббат сарынында, яки Аллаға деген ғашықтықты жырлайды. Xафиз сопылық әдебиеттің аса көрнекті өкілі, оның сопылық сарынындағы ғазалдары өзінен кейінгі әдебиетке де үлкен әсерін тигізді. Xафиз туындылары Еуропа әдебиетінде үлкен бағаға ие болды, Гете, А.С. Пушкин, А.К. Фет жоғары бағалаған. Xафиз туындылары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған. Қазақ әдебиетінде Абай Xафиз туындыларын ерекше қадірлеген. Шәкәрім оны ұстаздары қатарына қосқан. Шәкәрім Хафиздің "Көрініске шоқынған", "Кел, аяқшы қымыз қүй", "Тұр аякшы, бер қымыз", "Көңіл жібі қолымнан", "Егер сүйікті ол бала", "Анық ерге жолдас бол", "Мәжілісінде досыңның", "Кешегі басшымыз піріміз" деп басталатын өлеңдерін аударып, 1918 жылы "Абай" журналының 3 санына бастырған. Өзінің бұл аудармасы "парсы жұртында әрі білгіш данышпан, әрі ақын Қожа Хафизды", "Қазақ жұртының талапты да, алғыр жастарын таныс қылмақ ниетте" жасағанын жазады. Xафиз ғазалдарын қазақша сөйлеткен екінші аудармашы - Ә.Жәмііиев. Ол ұлы шайырдың 194 ғазалын, бірнеше рубаи, тәржибәндтарын және "Сақинаме" дастанын аударған.


Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 9/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика