"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Үлкен шалшықшы

  Үлкен шалшықшы – ақ селеулі Қазақстан даласының әшекейі. Біздің даламыздағы ең үлкен шалшықшы. Ұзын аяқтар, жіңішке ұзын доғатәрізді төменге иілген тұмсығы бар. Жоны ашық сұр түсті, тек құйрық үсті ақ түсті. Жерде жүретін құс, бұталарға отыра алады. Төтенше жағдайда, мысалы жаралы болғанда ғана жүзеді. Үлкен жалпақ қанаттарымен бойлай және баяу қағып, жақсы әрі ұзақ ұшады. Дауысы – әдемі, әуенді, жәй дірілдеген ысқырық. Мұндай дыбысты ертелі-кеш ойнақ салық ұшқанда шығарады. Күндіз белсенді, көктемгі жәнекүзгі қоныс аудару кезінде, түнде де ұшады. Жәндітермен жйне басқа да ұсақ жануарлармен қоректенеді, кейде дәнмен де қоректенеді. Жұптасып тіршілік етеді. Құрғақ шөп төселген шұңқыр ұясына аналығы 4 сарғыш жасыл теңбілді жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып шығарады, балапандарын бірге ілестіре жүріп, бірге қорғайды. Аңшылар үшін үлкен шалшықшы патша қыр құсы болып есептелінеді.  

Қазақстанда Еділ-Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10-ға дейін шалтықшы есепке олыноды. Шектеу факторлары анықталмаған.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика