"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Үйлесімді және тиімді тамақтану туралы

Әртүрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар ерте заманнан бері белгілі. Жалпы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу ғылымы - диетология (емдәм тану) жеке ғылым ретінде пайда болды.

Диетология - дені сау   және   әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу; және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын кене заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады. Адам   денсаулығының   мыкты   болуына   әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50 пайызы тамақтануға, 20 пайызы қоршаған ортаның әсеріне, 20 пайызы тұқым қуалаушы қасиеттерге, тек 10 пайызы ғана денсаулық сақтау ұйымдарының жетістіктеріне байланысты.  Егер  адам денсаулығына  әсер  ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсак,  соньщ 35 пайызы тамақтанудың үлесіне тиеді.
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу – тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегі заттек алмасудың дұрыс жүруіне, организмнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сакталуына, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Денсаулық дегеніміздің өзі организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеті, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруларға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып табылады. ДДҰ мәліметіне қарағанда, 65 жасқа дейін өлім-жітімнің дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулармен байланысты.

Соңғы жылдары өмір салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлы аурулар (жүрек қан-тамыр аурулары, диабет, семіздік, қаназдык, жемсау, обырдың кейбір түрлері жэне т.б.) саны көбейіп кетті.

АҚШ-та тамақтану тәртібі мен өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүрек-қан тамыры ауруларының жиілігі 2/3-ке дейін азайған.
Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ак жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық-түлікті зиянды заттардан  қорғаудың  маңызы ерекше.

Дені   сау   және   ауырған   адамдарды   дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін нутрициология ғылымы  зерттейді.  Нутрициологияның  жетістіктері басқа ғылымдардың  (биохимия,   физиология,  т.б)  дамуымен тығыз байланысты.

Тиімді   тамақтану   дегеніміз   -   тамақ   ішу режимін бұзбай,   күнделікті   рациондағы   негізгі қоректік заттектер мен биобелсенді заттектердің организмге қажетті үйлесімділігін сақтай отырып, қуаттың   кірісі   мен   шығынынын   тепе-теңдігін сақтау.

Тиімді тамақтану  арқылы  ағзаға ете  қажетті пластикалық энергиялық заттектер тағаммен бірге түсіп отырады. Организмге қажетті нутриенттердің мөлшері адамның өмір сүру ортасындағы жағдаяттарға, оның жасына, жынысына, атқаратын жұмысына, байланысты ұлттық-этникалық ерекшеліктерше анықталады. Біршама дені сау, орта жастағы, аса ауыр еңбекпен айналыспайтьш адамға тәулігіне 2800-3000 ккал энергия жеткілікті. Энергия көзі - негізгі коректік (тағамдық) заттектер. Оларға нэруыздар (белоктар), майлар, көмірсулар жатады. Осы қоректік заттектердің ең оңтайлы өзара қатынасы 1:1, 1:3, 5-4 болып есептеледі. Көрсетілген арақатынас сақталған жағдайда адамның тамақтануы үйлесімді деп саналады. Организм күнделікті қажет қуатгы 12-15 пайыз нәруыздардың, 30-35 пайыз майлардың және 53-56 пайыз көмірсулардың алмасуынан алуы керек. Тиімді тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын тағами факторларды (кейбір амин қышқылдары, полиқанықпаған май қышқылдары, кейбір витаминдер, микро- және макроэлементтер, липотроптық заттектер, тағами талшықтар) міндетті түрде өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен алып отыруы қажет. Жоғарыда аты аталған заттектермен организмді толық қамтамасыз ету үшін рационға әр түрлі тағамдың өнімдер енгізілуі шарт, мысалы, жануар өнімдерінде болатын кейбір амин қышқылдары өсімдікте болмауы мүмкін. Сондықтан нәруыз көзі ретінде жануар өнімдері мен өсімдік өнімдерінің нәруыздары 55-45 пайыз немесе тепе-тең (50:50%) арақатынаста болғаны дұрыс, ал жануар майлары мен өсімдік майларының арақатынасы 2:1 болуы керек. Көмірсуларды көбінесе полисахаридтер күйінде қабылдаған жөн.Тиімді тамақтану мен үйлесімді тамақтану деген ұғым тамақ ішу режимін сақтауды да қамтиды. Қазіргі дамыған елдердегі тамақтану ережелерінің бұзылуын былайша жіктеуге болады: 

• Тамаққа биологиялық құндылығы аз (мысалы, қант, т.б), ал   энергиялық құндылығы жоғары рафинадталған (тазартылған) өнімдерді көп пайдалану; 

• Тамаққа    құрамында    қаныққан май қышқылдары мол жануар өнімінен алынған майларды көп пайдалану; 

• Тамақ құрамында тағами талшықтардың аз болуы (қажетті мөлшердің 1/3-і ғана); 

• Микроэлементтер (темір, кобальт, мырыш, йод) тапшылығы; 

• Дәрумендер тапшылығы; 

• Ас тұзын қажетті мөлшерден көп пайдалану.

М.Ахмет-төре 

Астана

 

Дереккөзі: Денсаулық : ғылыми-көпшілік журнал. – 2010 жыл, ақпан. 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика