"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Тарғақ

 

Тарғақ – орташа пішінді дала балшықшысы (салмағы 230 г). Осы әдемі, сымбатты құстың негізгі ұялары қазақ далаларында орналасқан. Қыста жылы жаққа ұшып кетеді (қыркүйектен наурызға дейін). Жерде, шұңқырда орналасқан ұясында, сәуірде 4 шұбар жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып, 3 аптадан кейін мамықты балапандары шығады да, ұяларын бірден тастап кете береді.
Балапандары ересектері сияқты жәндіктермен, яғни шегіртке, қоңыз және ауыл шаруашылық зиянкестерімен қоректенеді, сөйтіп пайдасын тигізеді. Балапандары 1 айдан кейін ұшады. Қуаң Қазақстан далалары мен шөлдерінде болатын бұл құстың саны соңғы онжылдықта азайып барады. Сондықтан тарғақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және дүниежүзіндегі қорғансыз құстардың бірі болып есептеледі.
Санының азаюының негізгі себептері - жерді жырту, дала ландшафтының басқа да өзгерістері, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика