"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Сұраншы батыр Ақынбекұлы

Сұраншы батыр Ақынбекұлы (1815-1864) – қазақ батыры, Саурық батырдың немере інісі. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Ұлы жүздің шапырашты руының Есқожа тармағынан шыққан. Аталары Қарасай батыр, Түрікпен, Мырзабек, Кәшке ел арасына атағы шыққан шешен, батыр болған адамдар. Сұраншы батыр Ресей өкіметіне Верный (Алматы) бекінісін салуға көмектесті. Орыс әскерлерімен бірге Тойшыбек бекінісі маңында Қоқан ханының 3 мың әскерімен соғысып, жеңіске жетті. 1851 жылы орыс жасағымен қосылып, Орман (Ормон) ханның 2 мың қолына тойтарыс берді. 1852-1853 жылдары Қоқан ханының әскері тілеуқабыл руын шауып, мал-мүлкін талан-таражға салды. Сұраншы батыр Саурық батырмен бірге 300 қолмен оларды Қопада қуып жетіп, ел кегін қайтарды. 1853 жылы Аңырақай алқабын мекендеген Дулат еліне қоқандықтар шабуыл жасағанда, ол Саурық, Андас, Жагор, Дәуқара, Шымырбай бастаған жасақтармен бірге сол елдің бір бөлігін жаудан азат етті. 1858 жылы Омбыдағы Батыс Сібір генерал-губернаторына жазған хатында Г. Колпаковский Сұраншы батырдың достығын, оның әрқашан 2 мың қолмен дайын тұратынын айтқан. 1860 жылы Сұраншы батырдың жасақтары Г. Колпаковскийдің әскерімен бірігіп, Ұзынағаштағы шайқаста Қоқан әскерлерін ойсырата жеңді. Ол 1864-1965 жылдары Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі аралықты Қоқан басқыншылығынан азат ету соғысына қатысып, осы жорықта ерлікпен мерт болды. Ш. Уәлиханов 1863 жылы шілденің 14-інде К. Гутковскийге жолдаған хатында Сұраншы батыр туралы «...қазақтарды қоқандықтардың езгісінен құтқарушы» деп таныстырған. Оның ерлігі жайында Сүйінбай «Сұраншы», «Ту алып жауға шықсаң сен» толғауларында, Жамбыл «Сұраншы батыр» поэмасында жырлады.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 8/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика