"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Сүйек-буын туберкулезі

Құрт ауруы адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын инфекциялық жүқпалы ауру екендігі екінің біріне мәлім. Туберкулезге тыныс ағзалары жиі шалдығады. Сонымен қатар бүл дертке сирек те болса ми, ми қабықшасы, сүйек буын, лимфа бездері, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер де үшырайды.

Сүйек-буын туберкулезі - өте ауыр, созыл-малы жүқпалы ауру. Ауруға шалдыққан адам көп уақыт жүмысқа жарамай, жарымжан, тіпті мүгедек болуы да мүмкін. Сүйек-буын туберкулезі адам организміне туберкулез ауруының қоздырғышы түскенде басталады. Ауру туберкулезбен ауыратын кісілерден, малдан, қүстан жүғады. Туберкулез микробы адам организміне көбіне тамақ бездері және ішек арқылы әртүрлі жолдармен өтеді. Туберкулез ауруы шаң-тозаң арқылы және аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен де беріледі. Туберкулез микробы тыныс жолдары және тамақ ішкенде ауыз арқылы ішке кіріп, қан тамырларына түседі де, тіндерге, оның ішінде сүйек тіндеріне тарайды. Организмі онша өсіп жетілмегендіктен қорғаныс қабілеті нашар болғандықтан, сүйек-буын туберкулезімен әсіресе балалар көп ауырады.
Ауру сүйектен басталып, біртіндеп жақын буынға жайылады. Жаңадан қозып келе жатқан сүйек туберкулезі үясы, көп жағдайда үзақ уақыт езінің бастапқы жагдайын тез өзгерте қоймайды. Науқастың білінуі жалпы организмнің улану белгілерінен басталады. Ауырған адам әлсіз, ашушаң болады, жүмысқа қабілеті төмендеп, асқа тәбеті тартпай, кешке қарай дененің қызуы 37,2-37,5 градусқа көтерілуі мүмкін. Жалпы организмнің улану белгілері әсіресе жас балаларда ете айқын керінеді. Олар сылбыр, кеңілсіз, бозарып, үлгерімі төмендеп, ойлағанда шаршағыш келеді. Кейде түнде үйықтап жатып айқайлайды.
Туберкулин таяқшасы организмге микробтың түскен белгісін білдіреді, қан талдауында да өзгерістер болады. Бүл туберкулез үдерісі дамып, сырқат белгілері пайда болды деген сөз.
Омыртқа туберкулезі сүйек-буын тубер-кулездерінің арасында бірінші орында. Ауырған адам кейде аяқтың әлсіздігін сезеді. Адам қимылдағанда кібіртіктегені байқалады: иіліп-бүгіліп, еңкейгенде, әсіресе отырып-түрғанда ауырған жер айқындалып, тіпті қай омыртқа зақымдалғаны белгілі болады. Кісі тез шаршап, жүмыс күнін үлкен қиындықпен аяқтайды. Кейде аяқ әбден әлсірегендіктен жүру мүмкіншілігінен айрылады. Асқынған кездегі іркілмелі ісіктер омыртқа туберкулезінің айқын белгілері. Сонымен қатар омыртқада анатомиялық өзгерістер пайда болады, жүлын зақымданады. Жүлынның зақымдануы аяқтың толық салдануына және қуықтың, ішектің жеткіліксіз жүмыс жасауына алып келеді. Омыртқа ішіндегі туберкулез үясын өте жақсы жетілдірілген пентинограммада ғана керуге болады. Ортан жілік, жамбас буындар туберкулезі. Ортан жіліктің басы мен мойнынан, яғни жамбастың шүңқырынан, басталған туберкулездің даму үдерісінің бастапқы сатысында аурудың тынышын аларлықтай жағдай онша сезіле қоймайды. Бара-бара, әсіресе үзақ жүрістен кейін, аяқ аздап ауырып, сылти бастайды. Жаттығу жасағанда, секіріп ойнағанда, ауру аяққа күш түсіп, көбірек ауыратын болады. Жас балалардың аяғы қисайып, сүріншек келеді жиі жығыла береді. Адамның дене қызуы 37-38°С-ге дейін кетерілетіндігі байқалады. Бірсыпыра уақыт өткен соң ауру аяқ сау аяқтан гері жіңішкере бастайды. Сырқат дами келе аяқ, жамбас және тізе буындары бүгіліп кететін жағ-дайға үшырайды. Ортан жіліктің басы бүзылып, жіліктің басы мен мойнының бірсыпыра жері қысқарады. Аяқ қысқарып, адам өмірлік ақсақ болып қалады. Жамбас туберкулезі асқынғанда буын іріңдейді, ісік пайда болады, ісік ішіне ірің жинала-жинала, кейін өздігінен жарылады да сыртқа шығады. Жілік басы мен буын шүңқырының туберкулезден бүзылуы оның басының буынының шығуына әкеп соқтырады. Бүндай жағдайда ауырған адамға тек ота ғана көмектесе алады.
Тізе-буын туберкулезі. Тізе ауруға шалдыққанда басқа сүйек буын туберкулезіндей ауру белгісі өте жай басталады. Буын туберкулезінің бастапқы сатысында жарақаттану алдымен буын қалтасында, оның ең кіші қабатында басталады. Бұл жағдайда буында сарысу және буын айналасындағы тіндерде шамалы ісік пайда болады. Жұмыс соңында буынның шамалы ауырғаны байқалады. Тізе буынының қозғалыс қабілеті көп өзгере қоймайды. Туберкулез сарысуының басқа сарысудан айырмашылығы - оның үзақ уақыт бірқалыпта сақталуында. Кешкілік дене қызуы 37-37,5°С-қа дейін көтеріледі. Біршама уақыттан соң сары су тізе үстіндегі тобыққа немесе тобықтың жан-жағына жайылғанда ол жердің қатты ауыратындығы сезіледі. Барған сайын ауру асқынып, ауырған аяқ ақсаңдап жіңішкере бастайды. Буындағы ісік біртіндеп үлғайып, аяқ үршық тәрізденеді. Алғаш ауру адам тізесін бүге басып жүріп, кейін аяғын қанша жазбақ болса да, жазылмайтын халге жетеді. Буын іріңдегенде, ірің буын қалтасын жарып, санның, төменгі сирақтың жоғарғы бөлігіне жиналады, кейін жүқарып, қызарып өзінен-өзі жарылып, көпке дейін бітпейтін жараға айналады. Туберкулез үрдісі үлғайып, тізе буынының қозғалысы бірте-бірте бүзылып, буын қалтасы жиырылып, жабысып қалған жағдайда буын біржола қозғалмай, аяқ 5-10 см қысқарып қалады.
Иық, балтыр, табан, шынтақ және білезік буындарының туберкулезі. Бұл буындарда туберкулездің басталуы бәсең, аздап ауырып, буынның көлемі ұлғайып, қозғалу қабілеті нашарлайды. Туберкулез ауруының белгілері: буындарда бұлшық еттері семіп, аяқ-қол сүйектері жіңішкеріп, тері қыртысы қалыңдайды. Емделмей, ауру асқынған жағдайда, буын қозғалмай қалады, суық ісік және жазылмайтын жара пайда болады. Сырқат адамның дене қызуы көтеріліп, жүдеп, тамаққа тәбеті тартпай, әлсіреген жағдайда, тезірек дәрігерге көрінген дүрыс.

 

Г.М. Қожабаева, жоғарғы санатты дәрігер.

Дереккөзі: Денсаулық [Мәтін]: ғылыми-көпшілік журнал/ бас ред. Молдахмет Қаназ. – 2011 жыл, шілде. – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС. – 2011 жыл, шілде.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика