"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Сарыбауыр немесе сарлан

 

Сарыбауыр немесе сарлан – аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1, 2 м, сүйір тұмсықты үлкен басы екі бүйірі шамалы қысылған денесінен айқын бөлініп тұрады. жыланнан айырмашылығы қасы болады және көзін жыпылықтата алады. Денесін сарғыш қоңыр немесе сарғыш сұр түсті ромбаға ұқсас  қабыршықтар жапқан.  Оңтүстік Қазақстанда тау өзендері аңғарларында теңіз, деңгейі 2000 метр биіктікке дейін мекендейді. Күндіз белсенді кеміргіш індеріне, тас, ағаш тамыры астына тығылады. Жәндіктермен, әсіресе ірі қоңыздармен қоректенеді, ұсақ кесіртке, кеміргіш, ұядағы жұмыртқа және балапандарды да жейді. Аналығы маусымның соңында пана жерде 8-10 ұзыншақ жұмыртқасын салады. Бір айдан кейін ұзындығы 10 см кішкентай кесірткелер шығады. Жылына 6-7 ай белсенді. Сарыбауыр – зиянсыз бауырымен жорғалаушы, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп, пайда келтіреді. Егер қолға түссе, шағайын деп ойламайды, тек босанып шығу үшін жылан сияқты бүкіл денесімен қатты бұралаңдайды. Қазір бұл сирек кездесетін кесіртке Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.  Санының кемуіне жер жырту, шөп шабу, малдың шектен тыс жайылуы және жол салу елеулі әсер етеді.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика