"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Сақалтай

 

Сақалтай – біздің ең ірі жыртқыш құстарымыздың бірі (қанаттарының құлашы 3 метрге дейін, салмағы 7-10 кг) басқа ірі жыртқыш құстардан қанатының ұшында саусақ сияқты тарбиған қауырсындары бар жалпақ қанатымен, ұзын сына тәрізді құйрығымен ерекшеленеді. Ересек құс ақшыл түсті және басының екі шетіндегі қара қауырсындарын алыстан көруге болады, осынысы үшін «сақалтай» деп аталған. Басқа жыртқыш құстар сияқты, сақалтай да жиі қалықтайды. Осы ұшқан құсқа жақын жерде болсаңыз, оның қанаттарының қауырсындары ерешке шу шығарады. Бұл құс туралы нешетүрлі аңыз бар. Соның бірі – ол тік құздан ір тұяқты қағып құлатып, сонан кейін қүл-талқаны шыққан өлексемен қоректенеді. Және де ол қозыларды ұрлайды дейді, сондықтан оны «қозы құмай» деп те атайды. Бірақ осы әдемі аңыздың ешқайсысының да іс жүзінде дәлелі жоқ. Сақалтай ең биік тауды мекендейді. Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань, Альпі белдеуінде тіршілік етеді. Ұясын қол жетпес құздарға салады. Бір шұбар жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп, екі айда басып шығарады. Содан кейін ұяда 4 ай балапанын асырайды. Сақалтай – өте сирек кездесетін құс. Қызыл кітаптың бар түрінің тізіміне енгізілген.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика