"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Нұрпейіс Байғанин

 

Қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 1860 жылы дүниеге келген. Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген.
16—17 жасынан-ақ «бала жыршы» атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді.
Н. Байғанин негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған «Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз туындыларын шығарды.
Н. Байғанин шығармашылығы жағынан толысып, халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы басқа тақырыптарды кеңінен жырлады. Көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере, пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді, шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы.
1938 жылдан бастап Н. Байғанинге әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Н. Байғаниннің өмірі мен шығармашылығы Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған.
Ақтөбе облысында Н. Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген. 1940 жылы Н. Байғанин «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
1999 жылы Нұрпейіс Байғанинге арналған ескерткіш Ақтөбе қаласының Әбілқайыр даңғылында арнайы тұғырға қондырылды. Өлшемі шаршы үлгіде (2,5 х 2,5 м), қара-көк мәрмәр таспен қапталған. Төменгі тұғыр ұзындығы — 12,2 м, ені — 6 м, биіктігі — 100 см, тұғырды есептегенде — 136 см. Тұғыр үстіндегі мүсін биіктігі — 2,3 m, асбест цемент араласқан материалдардан әзірленген, мыс темірмен қапталған. Жалпы биіктігі — 3,66 м. Ескерткішті орнату жобасын облыстың бас сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Б.С. Егінбаевтың басшылығымен «Ақтөбеазаматтықжобалау» институты жасады. Ескерткіштің авторы Грузияның белгілі суретші-монументалисі Гамлет Элиабарашвили.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика