"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Натюрморт

Натюрморт (франц. Nature morte — өлі табиғат) — бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрморттың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан. Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғ.). 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілер Ф.Гойя, Э.Делакруа, Г.Курбе, Э.Мане, т.б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Н. Жанрының шыншыл да дәлдікпен өзіндік әсерге ие болуы постимпрессионизм шеберлерінің кезеңіне (В.Ван Гог, П.Сезанн, т.б.) сәйкес келеді. Кейіннен фомизм (А.Матисс), кубизм (П.Пикассо, т.б.) ағымдарындағы суретшілермен қатар Мексика (Д.Сикейрос), Италия (Р.Гуттузо) шеберлерінің еңбектерінен де натюрморт көрініс тапты. Кеңестік дәуірде натюрморт жанрында П.П. Кончаловский, И.И. Машков, М.Сарьян ерекше танымал болды. Қазақ суретшілері: Ә.Жүсіпов («Шыны аяқ», 1960), А.Ғалымбаева («Дәмді шай», 1966), С.Айтбаев («Кітаптар», 1966), Т.Тоғызбаев («Қарбыз бейнеленген натюрморт», 1974), К.Дүйсенбаев («Табиғат көрінісі», 1978), Е.Кәрібеков («Натюрморт», 1986), Б.Ақанаева «Күміс натюрморт» (2003), А.Жансейітова «Натюрморт» 23 (2003), т.б. натюрморт жанрының шеберлері атанды.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 7/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика