"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Моллюскалар

Моллюскалар, жұмсақ денелілер - омыртқасыз жануарлардың бір типі. Қазба қалдықтары кембрийге дейінгі тау жыныстарынан табылған. Моллюскалар мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Бұлардың 2 тип тармағына: бүйіржүйкелілер және бақалшақтыларға жататын 130 мыңнан астам түрі жатады. Қазақстанда 36 тұқымдасы, 69 туысы және 300-ге жуық түрі кездеседі. Денесі сегменттерге бөлінбеген (тек кейбір төменгі сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгісі байқалады), бас, тұлға және аяқ бөлімдеріне бөлінеді. Басында аузы, көпшілік түрінде қармалағыштары, көзінің бір бөлігі болады (кеңде көздері жартылай немесе толықтай редукцияға ұшыраған). Қосжақтаулы моллюскалардың тіршілік ету ерекшелігіне байланысты бас бөлімі жойылған. Тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі қапшық деп атайды. Онда ішкі мүшелері орналасады. Денесінің сырты кутикула қабатымен қапталған, ал оның сыртын тек моллюскаларға тән мантия (тері қатпаршағы) жауып тұрады. Мантияның сыртқы қабатынан бақалшақ түзіледі. Ол: сыртқы (органикалық заттан), ортаңғы (қалың ізбестен) және ішкі (жұқа, жылтыр) қабаттардан тұрады. Моллюскалардың тіршілік етуіне және атқаратын қызметіне қарай аяғының құрылысы да әр түрлі. Қозғалмай тіршілік ететіндерде (мысалы, устрица), кейбір паразит бауыраяқтыларда аяқ мүддем болмайды. Моллюскалардың басқа омыртқасыздардан ерекшелігі — ас қорыту жүйесіндегі жұтқыншақ бөлімінде қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат радуланың (үккіштің) болуы. Қан айналу жүйесі ашық. Жүрегі қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді. Моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, араларында гермафродиттер де кездеседі. Басаяқтылардың, бауыраяктылардың көпшілік түрі іштей ұрықтанады, қалғандары сырттай ұрықтанады. Моллюскалар балық, құс, сүтқоректілердің қорегі болып саналады. Кейбір моллюскалар адам мен мал гельминтоздарын тудыратын паразиттер, ауыл шаруашылығы дақылдарынын зиянкестері.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика