"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Миокардиосклероз

Миокардиосклероз (миокардта дәнекер тіннің шамадан тыс дамуы) - жүрек бұлшық етінде тыртықты тіннің пайда болуы. Аталған тін миокардтың орнын ауыстырып, жүрек қақпақшаларын қисайтып жіберуі мүмкін.

Миокардиосклероз жайылмалы және ошақты (тыртықты) болып бөлінеді.
Жайылмалы миокардиосклероз дәнекер тін элементтерінің бүкіл миокард бойынша салыстырмалы түрде бірқалыпты таралуымен сипатталады, ол жүрек бұлшық еті бірқалыпты зақымданғанда пайда болады.
Ошақтық (тыртықты) миокардиосклероз - жекелеген, көлемі әртүрлі тыртықты тіндердің дамуы. Ол миокард инфарктінен соң, кейде қабыну үдерісінен кейін дамиды.
Миокардиосклероз белгілері: тұрақты аритмиялар, жүрек іші өткізгіштігінің бұзылуы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. Атеросклероздық миокардиосклероз қақпақшалық ақаулар тудырады: митральды қақпақша немесе аорталық қақпақша жеткіліксіздігі. Атеросклероздык миокардиосклероз кезінде стенокардия ұстамалары, сондай-ақ жүректің созылмалы аневризмасы дамуы мүмкін.
Нақтамалау: сырқатнама, жүрек жеткіліксіздігі көріністерінің тұрақтылығын, жүрек аритмиясы тұрақтылығын анықтау, электрокардиография, эхокардиография.
Емі. Миокардиосклероздың емі миокардтың сақталып қалған талшықтарының жағдайын жақсартуға, жүрек жеткіліксіздігі көріністерін жоюға бағытталады. Кей жағдайларда дене қимылын шектеу керек. Өткізгіштіктің ауыр бұзылыстары кезінде кардиостимулятор қондыруға тура келеді.
Миокардиосклероз өмірге қауіп төндіретін қарыншалық пароксизмальды тахикардия, жүрекше алды-қарыншалық блокада секілді ауыр көріністерге соқтыруы мүмкін. Сондықтан миокардиосклерозға алып келетін ауруларды дер кезінде емдеген жөн.

 

З.Б. Сәрсенова,
терапевт

 

Дереккөзі: Денсаулық: ғылыми-көпшілік журнал. - 2010 жыл, қараша. 
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика