"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Мәдени өсімдіктер

Мәдени өсімдіктер - өсімдік түрлері. Мәдени өсімдіктердің пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай мен Жапониядан күріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай, т.б. өсімдік түрлері; Индонезия мен Үндіқытайдан нан ағашы, манго, лимон, банан, қант пальмасы, эвкалипт, темекі, мақта; Австралиядан қант қамысы, қияр, кенеп, кокос пальмасы, күріштің 2 түрі, қара бұрыш; Орталық Үндістаннан қара бидайдың 2 түрі, бұршақтың 5 түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, бадан, жеміс ағашы; Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы, алма, жүзім, анар; Алдынғы Азиядан зәйтүн, лавр, жеміс ағашы, т.б.; Африкадан мақтаның 4 түрі, қарбыз, кофе; Америкадан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, арахис, топинамбур, т.б. мәдени өсімдіктер таралған. Адамзат үшін мәдени өсімдіктердің маңызы зор. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, мал азығының негізгі көзі болып табылады. Қазақстанда мәдени өсімдіктердің түрі көп және олар әр түрлі. Олар - бидай, сұлы, жүтері, күріш, тары, арпа, түйебұршақ, соя, асбұршақ, жержаңғақ, жасымық, картоп, күнбағыс, макта, қызылша, қарбыз, таңкурай, жүзім, т.б. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен селекционер ғалымдар айналысады.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика