"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Мақта

Мақта, қоза — құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық бағалы талшықты дақыл. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Негізінен, тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсіріледі. Қазақстанда 1928 жылы алғаш рет мақта өсірумен айналысатын қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1-1,5 м, 1-2 негізгі бұтақтан 10-15 жанама бұтақтар тарайды. Гүлі жеке, ірі, сары не ақ түсті, сабағы 90-130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек пішінді. Жемісі 3-5 ұялы қауашақ, ішінде талшық, ортасында 20-40 мақта тұқымы болады. Мақта жарықты, жылуды, ылғалды көп қажет етеді. Тұқымы 10-12°С-та өне бастайды, 25-30°С-та жақсы өседі, 0°С-та үсікке шалдығады. Суармалы жерлерде жоғары өнім береді. 1 тонна шитті мақтадан 330-360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100-110 кг тағамдық, техникалық май, 30-40 кг қысқа талшық, 550-580 кг тұқым алынады. Тұқымының құрамында 20-25% май болады. 1 тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400-420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнім алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібіндегі негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан түрлі маталар - бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек жіп, т.б. алынады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, органикалық қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады. Сабағы отын ретінде пайдаланылса, күнжарасынан мал азығы алынады. Қазақстанда, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі. Негізгі зиянкестері: өрмекші кенесі, мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары, шегіртке.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика