"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Локомотив

Локомотив — рельсті жолдармен пойызды немесе жеке вагондарды қозғалтуға арналған машина. Локомотив латынның lосо mоvео— орнынан қозғалтамын деген сөзінен шыққан. Оның жылулық және электрлік түрлері бар. Орнатылған күш қондырғыларына (қозғалтқыш түріне) сәйкес жылулық локомотивтерге паровоз (бу машинасы орнатылған), бу турбовозы (бу турбинасы орнатылған), тепловоз, мотовоз (іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған), газ турбовозы (газ турбинасы орнатылған), ал электрлік локомотивтерге контактілік (түйіспелік) және аккумуляторлы электровоздар (электр қозғалткыштары орнатылған) жатады. Осы аталған локомотивтердің қозғалтқыштары будың, жанар майдың, газ бен электр тогының энергияларын оны қозғалысқа келтіретін механикалық энергияларға түрлендіреді. Пайдалану мақсатына қарай локомотив магистральды және өнеркәсіптік болып ажыратылады. Магистральды локомотив жүк пойызы мен жолаушылар пойызын жүргізетін және стансалық жұмыстарға пайдаланылатын локомотивтерге бөлінеді. Өнеркәсіптік локомотивтер зауыт ішілік жүктерді және кен орындары мен шахталарда, т.б. орындарда жүк тасымалдайды. Алғашқы локомотивтер (паровоздар) Ұлыбританияда 19-ғасырдың басында (1803, 1814), ал Ресейде 1834 жылы жасалды. Магистральды жүк паровоздарының соңғы түрінің қуаты 1800 кВт, жылдамдығы 80 км/сағ болса, жолаушылар паровоздарының қуаты 1900 кВт, жылдамдығы 125 км/сағ-қа дейін жетті. 20-ғасырдың басында паровоздар қуатты әрі пайдалы әсер коэффициенті жоғары тепловоздармен, электровоздармен алмастырыла бастады. Қазіргі кос секциялы жүк тепловозының қуаты 2200 кВт, жылдамдығы 100 км/сағ, ал жолаушылар тепловозының жылдамдығы 160 км/сағ-қа дейін жетіп, пайдалы әсер коэффициенті 20-21% (29-32%-ға дейін жетеді). 1895 жылы АҚШ-та алғашқы тұрақты ток электровозы жасалды. Қазақстанда 1933 жылдан бастап электровоздар қолданыла бастады. Электровоздардың қуаты жоғары, жылдамдығы 110 км/сағ-қа жетеді. Қазір локомотив паркінің негізін тепловоздар мен электровоздар құрайды. Жылдамдығы 200 км/сағ-қа жететін авиациалық газ турбиналары турбопойыздар мен реактивті және турбовинтті қозғалтқышы бар локомотивтер сынақтан өтуде.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика