"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Ливия

 

Ливия, Ливия Араб Социалистік Халықтық Жамаһириясы — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км2. Халқы 5,4 млн. адам. Негізгі халқы - арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түріктер, италиялықтар, үнділер, т.б. да мекендейді. Астанасы — Триполи қаласы. Діні — исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тілі — араб тілі. Ірі калалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы орган қызметін Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — жалпыға бірдей Халықгық Конгресс. Ұлттық мейрамы — 1 қыркүйек (1969) - Төңкеріс кұні. 1955 жыл-дан БҰҰ-ға мүше. Ақша бірлігі — ливиялық динар.
Ливияның жер бедері, негізінен, үстіртті келген құмды тасты жазық. Шығысында Ливия шөлі жатыр. Климаты тропиктік. Солтүстігіне субтропик-тік климат тән. Жерорта теңізі жағалауының жазы ыстық, қысы жұмсақ. Қаңтардың орташа температурасы 11-18°С, шілдеде 27-35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Кейбір аудандарында бірнеше жыл қатарынан жаңбыр жаумайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 8-7-ғасырларда қазіргі Ливияның батысында финикиялық қала-мемлекеттер, ал шығысында грек колониялары пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 5-ғасырда Ливияны Карфаген, кейіннен римдіктер жаулап алды. 533 жылы Византия империясының құрамына енді. 643 жылы Араб халифатына қосылды. Ливия 16-19-ғасырларда Осман империясының құрамында болды. 1911-12 жылдары Италия-түрік соғысының нәтижесінде Ливия Италия билігіне өтті. 1934 жылы Ливия ресми түрде Италияның отары болып жарияланды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Ливиядағы неміс, италия әскерлерінің жеңілісінен кейін (1943) елді француз, ағылшын әскерлері басып алды. 1949 жылы қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ливияға тәуелсіздік беру туралы шешім қабылдады. 1950 жылы Ұлттық Құрылтай жиналысы Ливия Конституциясын бекітті. 1951 жылы 24 желтоқсанда Ливия Біріккен Тәуелсіз Корольдігі жарияланды. 1969 жылы 1-қыркүйекте Ливияда Муаммар Каддафи бастаған әскери төңкеріс болды. Төңкерісшілер елді Ливия Араб Республикасы деп жариялады. 1977 жылдың 3 наурызынан бастап мемлекет Ливия Араб Социалистік Халықтық Жамаһириясы болып аталады. Қазақстан мен Ливия арасында 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнады. Ливия экономикасының негізін мұнай өнеркәсібі құрайды. Мұнай өндірудің көлемі жөнінен Ливия Африкада 6-орынды иеленеді. Ауыл шаруашылығы төменгі дәрежеде дамыған. Дәнді дақылдар, құрма ағаштары өсіріледі. Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттап, азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын шеттен әкеледі.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика