"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Құс төресі – бүркіт

150 миллион жылдан бері тіршілік етіп келе жатқан құстар бүгінгі таңда жер жүзінің барлық жерінде кең таралған. Ғылыми деректер бойынша дүние жүзінде 100 миллиардтай құс бар екен. Жер бетінде бүгінгі таңда 8600 құстың түрлері бар екендігі анықталып отырү міне, бұл қаншама байлық десеңізші! Оларды қорғап, тиімді пайдалана білуге тиіспіз.

Соңғы жылдары құстардың тек дүние жүзінде ғана емес, біздің мемлекетімізде де кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалуда. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты біздің Алматы мемлекеттік табиғи қорығында осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынып жатыр. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы анықтап, сол жерлерде қорғау шаралары жүзеге асуда.
Алматы қорығындағы жер бедерінің күрделілігі мұндағы жабайы хайуанаттар түрлерінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұнда құстардың 177-түрі кездеседі. Соның ішінде «Қызыл кітапқа» енген құстар: сақалтай, бүркіт, құмай, бидайық, көк құс, орақтұмсық, қара дегелек, үкі.
Қырғитекстес тұқымдасныа жататын қырандар ішіндегі ең ірісі – бүркіт. Біртіндеп таралу аймағы тарылып, саны азайып келе жатқан құс. Қорықта 5 жұп тіршілік етеді. Еркегінің қанаты 59-66 см, салмағы 2,8-4,1 кг, ұрғашысының қанаты 65-74 см, салмағы 3,8-6,3 кг. Бүркіт аспанда қалықтап ұзақ уақыт ұшымен қатар, жылдам әрі құйындата төмен қарай зырқырай ұшады. Аулы жерді мекендейтін бүркіттердің тұлғасы кесек, иықты, екі аяғының арасы алшақ, сыртқа шығыңқы, мойын жүні мен балақ жүні салалы, үшкір болады. Тау құсының жүні қара барқын тартып, бойындағы ақ теңбілдері еркшелене, айқын көрінеді. Әсіресе екі иығы мен құйрығының ағы мол. Бүркіттер ұясын биік құзға, қанаттыдан басқаның аяғы жетпейтін жалтыр жартастардың қуысына салады. Бұл құс ұя саларында араларын жеті шақырымнан салады. Ұяларын әртүрлі бұтақтардан салып, ішіне шөптер төсейді. Жұмыртқалар кезінде соларды мекен етеді. Жұмыртқасының түсі ақшыл, салмағы 100 граммдай. Ұрғашы бүркіт жұмыртқаны 45 күндей басады. Балапан бүркітке 2 ай толғанда ол өз жемін өзі тауып жеуге талпынады. Балапан бүркіт ұясынан ұшып шыққаннан кейін де ата-аналары көп уақытқа дейін қамқоршы болып жүреді. Бүркіттер түлкімен, суырмен, борсықпен, тышқанмен, ұлар, кекілік, құрмен, кейде тасбақаның қалдықтарымен және жыландармен азықтанады. Жыртқыш құстардың ішіндегі бүркіт аса текті, адам қлоына тез үйренгіш құс. Қайратына сай жүректілігі, қиырдағыны тез көргіштігі де өзге қстарға қарағанда бүркіттің ерекшелігін көрсетеді. Бүркіттің көзі сарышұнақты 300-400 метр қашықтықтан көре алады. Құстардың көзі адамның көзіне қарағанда 5-7 есе күшті дамыған. Бүркітте  басқа құстар сияқты үркіткенді, ұясында мазасын аланды жақтырмайды. Егер де осындай қолайсыз жағдайлар бола қалса басып жатқан жұмыртқасын емес, жаңа шыұұан балапандарын да тастап кетіп қалуы мүмкін. Мемлекетімізде бүркіттің азаюы оның қорегінің тапшылығынан да болып жүр. Сонымен қатар кейбір адамдар рұқсатсыз ұяларынан балапандарын алып қолға баулуда санының азаюына кесірін тигізуде. Бүркіт сирек құс болғандықтан, «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Бүркіттер жем аулағанда ең алдымен әлсіз, ауру хайуанаттарды ұстайды. Мұндай жағдайда жан-жануарлар арасында табиғи сұрыптау орын алып, өмір ортасына жақсы бейімделген дендері сау, аң-құстар түрлері қалып оырады. Жыртқыш құстарға жататын бүркіт – түрлі хайуанаттар тіршілік ететін ортаны тазартып, олардың арасында түрлі жұқпалы аурулардың таралып кетуін болдыртпайды.
Сол себепті келешекте жер-жерлерде бүркіттердің санын көбейту үшін қамқорлыққа алып, қорғау міндеті тұр.

 

Дереккөзі: Гүлстан : Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналы. – Алматы: «Print House Gerona» баспасы. – 2010 жыл, қазан №10 (68).

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика