"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Құндыз

Құндыз - жыртқыштар отряды, сусар тұқымдасына жататын, терісі бағалы аң. Қазақстанның орманды, таулы аймақтарында кәдімгі құндыз және Орта Азия құндызы кездеседі. Дене тұрқы 65 - 70, құйрығы 41 - 44 см, салмағы 5-8 кг. Құндыздың арқасы мен құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры ақшыл, төсі сарғыш қоңыр келеді. Саусақтарының арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған. Іле өзеніне құятын Шілік, Үсек, Құндызды сияқты тау өзендерінің сағаларын және Көксу, Қара, Тентек өзендерінің жоғарғы жағалауларын мекендейді. Көбіне шабақгармен, балыктармен қоректенеді. Сондай-ақ құстарды, қоян, су тышқаны мен ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Құндыз, көбіне өзеннің тік жағасынан ін қазып, сонда паналайды. Інінің аузы су астында болады. Жатағын қыста қатпайтын, балығы бар ағын су бойына салады. Жылына бір рет түлейді. Аналығы 2-4 құнай табады. Көп аулануына байланысты саны күрт азайып кеткен. Осы кезде тек кәдімгі құндызды ғана аулауға рұқсат етіледі. Орта Азия құндызы өте сирек кездесетін аң болғандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Бұл аң Кирсанов қорықшасында арнайы қорғалып, өсіріледі.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика