"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Құлан

Құлан - тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. Дене тұрқы 210-240 см, шоқтығының биіктігі 112-126 см, салмағы 190-260 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді. Мамыр — маусым айларында жалқы құлын туады. Алдыңғы, Орталық Азияның шөлді-шөлейтті аймақтарында таралған. 20-ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір-үйірімен топтанып жүрген. Құланды есепсіз аулау - оның қазақ жерінде жойылып кету қаупіне әкеліп соқтырды. Республикада құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. Осы жылы Барсакелмес аралына Түрікменстаннан 8 құлан әкелінді. 1982 жылдан бастап оны "Алтынемел" ұлттық табиғи саябағына, Андасай қорықшасына және Маңғыстау облысы аумағына жерсіндіре бастады. Құланның саны дүние жүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Қазақ халқында тікелей құланға қатысы бар мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, т.б. көптеп кездеседі. Мысылы, "Ақсақ құлан" күйі; Талас Алатауында 7-9-ғасырларда "Кұланқорық" деген қорық болған.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика