"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қолтырауын

Қолтырауын, крокодил — бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды. Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қолтырауынның үш тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдар және нағыз қолтырауындар) жіктелетін 23 түрі мен түр тармақтары бар. Олар Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарынын өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұзындығы 2-7 м. Басы жалпақ, тұмсығы ұзынша. Көру және есту органдары жаксы жетілген. Көздері мен танау тесіктері бас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауыз қуысында екінші реттік таңдай пайда болған. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған, оның астында сүйекті тақташалар орналасқан. Қолтырауынның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі - жүрегі төрт камералы. Аналықтары 20-100-дей жұмыртқасын су жағалауындағы құмға немесе шіріген жапырақтары мол батпақты жерлерге көмеді. Кейбір түрлерінің (Миссисипи аллигаторының) жұмыртқасынан 63 күнде, ал Ніл қолтырауынының жұмыртқасынан 3-4 айда ұрпақтары шығады. 50-85 жылдай тіршілік етеді. Балықтармен, судағы омыртқасыз жануарлармен, кейде құстармен, сүтқоректілермен де қоректенеді. Ніл қолтырауындары, жалды қолтырауындар адам үшін қауіпті. Қолтырауынның барлық түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" енгізілген. Қазіргі кезде біраз елдерде (АҚШ, Куба, Жапония, Мьянма, Кения, т.б.) қолтырауындар арнайы фермаларда қолдан өсіріледі. Ертеде Мысырда қолтырауындарды киелі санап, оған табынған әрі арнайы мумиялап, перғауынның мүрдесімен бірге жерлеп, пирамидаларда сақтаған. Қолтырауынның ең ірісі — Индонезияда, Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарында таралған жалды қолтырауын. Олардың ересектерінің денесінің орташа ұзындығы 4,2-4,8 м, ал салмағы 408-520 кг.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика