"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қоқиқаз

Қоқиқаз — қырлы төсті құстар тобының отряды. Қоқиқаз дүние жүзіндегі бойы ең биік және аяқтары мен мойны ұзын құстар. Дене бітімі жұмыр, тұрқы ірі әрі жабайы қаздарға ұқсас, сондықтан қоқиқазды халық арасында қызылқаз деп те атайды. Қораздары мекиендерінен ірілеу. Бойының биіктігі 91-120 см-дей. Қораздарының салмағы 4,5 кг, ал мекиендерінікі — 3 кг-дай. Қанаттарының ұзындығы 35-49 см. Ересек қокиқаздардың қауырсындарының түсі ақ, қызғылт, ұштары қара, ұзындығы 11-16 см, тұмсықтарының екі жақ жиегіндегі тілімденген "тісшелері" қоректенген кезде сүзгіштік қызмет атқарады. Қоқиқаз  топтанып  тіршілік етеді. Тұмсығы орта тұсынан бірден төмен қарап иіледі де қоқиып тұратындықтан "қоқиқаз" деп аталған. Мойнының пішіні латынның "S" әрпі тәрізді. Жіліншігі сирағынан үш еседей ұзын. Саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан. Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда тіршілік етеді. 4 тұқымдасқа бірігетін 3 туысы, 6 тұрі бар. Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада, Еуразияда көптеп кездеседі. Қоқиқаздың кей түрлері (кіші, анд, джеймс қоқиқаздары) қоныс ауыстырмай бір орында тіршілік етеді. Қазақстанда Теңіз, Шалқартеңіз көлдері мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжын, Сұлтангелді, Үлкен және Кіші Қаракөл, т.б. су айдындарында қызғылт қоқиқаз кездеседі. Жұптарын жазбай таяз су жағалауына сазбалшықтан, құмнан және су өсімдіктерінің қалдықтарын араластырып ұя салады. Ұясына бір, кейде екі жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. 30-32 күннен кейін балапандары ұядан ұшады. Балапандары тез өседі, жақсы жүзіп, сүңги де алады. Қоқиқаздар — жыл құсы. Қазақстанға наурыз-сәуір айларында ұшып келіп, қазан-қарашада Иран, Ауғанстан, Пәкстан аумағына қоныс аударады. Қоқиқаздар шаянтәрізділермен, ұлулармен, жәндіктердің дернәсілдерімен, балдырлардың және су өсімдіктерінің тұқымдарымен қоректенеді. Олардың тіршілігі үшін суы таяз әрі тұзды су айдындары өте қолайлы. Саны жылдан жылға азайып барады. Қазақстанда қоқиқазды қорғау мақсатында Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған. Қоқиқазды атуға мүлде тыйым салынған. Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика