"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қасқыр

Қасқыр — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Дене тұрқы асыранды иттей. Асыранды иттің арғы жабайы тегі — қасқыр деп есептелінеді. Қасқыр Еуропада, Азияның көп аймақтарында кеңінен таралған, 18-19-ғасырларда көп ауланудың салдарынан Еуропаның біраз елінде, Жапонияда, Канаданың оңтүстік аймақтарында, АҚШ пен Мексикада, т.б. елдерде олардың саны мүлдем азайған. Әрбір қасқыр күніне орташа есеппен 4 кг-дай ет жейді. Дене мөлшері 105-160 см, үлпілдек жүнді құйрығының ұзындығы 29-50 см. Жылына екі рет түлейді. Буаздық мерзімі 62-75 күн, қаншығы 3-13, көбінесе 4-6 күшік табады. Қасқыр қорегін, көбіне түнде аулайды. Қорегін іздеп 70-85 км-ге дейін барады. Қасқырдың терісінен ішік (жылы тон) тігеді, оның өтін емге пайдаланады. Тырнағын бесікке ырым етіп іліп қояды. Қасқыр топтанып, тіршілік етеді. Шағын ұялас тобын — әуегі, ал сол әуек басшысын - абаданы деп атайды. Сондай-ақ тіліміздегі "шона" деген сөз де көне моңғол тіліндегі қасқыр деген ұғымды білдіреді. Қасқырды қазақ халқы ежелден қайраттылықтың, шыдамдылықтың белгісі ретінде санаған. Түркі халықтары өздерін ер баланы асырап баққан қаншық қасқырдан тарағанбыз деп есептеп, "Көкбөрі" атауын ататек баламасына айналдырған. Сүйінбай Аронұлынын "Бөрілі менің байрағым..." жырынан, Мұхтар Әуезовтің "Көксерек", Олжас Сүлейменовтің "Бөлтіріктер", Жанат Ахмадидің "Ажал аузында" туындыларынан халқымыздың қасқырға ерекше мән бергенін аңғаруға болады. Өжет адамды "қасқыр екен", "нағыз көкжал екен" деп қасқырға теңеген. Қасқыр мүсіні Батыс Қазақстан аймағындағы сармат тайпаларының ескерткіштерінде, Алматы облысы маңынан табылған қала шырағданында бейнеленген. Ал Римдегі Капитолийде қаншық қасқырға және оның емшегін еміп отырған ағайынды Ромул мен Ремге қойылған ескерткіш — дүниежүзілік мәдени мұраның бірі болып есептелінеді.


Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы, 2 том
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика