"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қаршыға

Қаршыға - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Арктика мен Антарктидадан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Қазақстанда, көбінесе орман, қалың бұта, ағаш өскен тау бөктерін мекендейді. Дене тұрқы 28-114 см, салмағы 800-1500 грамм. Тұмсығы қара, саусақтары салалы. Қоразы мен мекиенінің түсі ұқсас. Ұясын ағашқа, жартасқа, шыңға, жерге салады. Жылына 3-4 жұмыртқа басады. Қаршығаның ұя салып, өніп өскен жеріне қарай оның түр-түсі де алуан түрлі. Қазақ аңшыларының бүркіттен кейінгі аңға ең көп салып, қолға ұстайтын құсы қаршыға болған. Оны бүркіт сияқты баптап, баулиды. Жақсы бап көрген қаршыға қаз, үйрек, дуадақ, ұлар, аққу, қырғауыл, саңырау құр сияқты құстарға түседі. Сондай-ақ қоян, ақтиін, алақоржындарды да іледі. Аңға салатын құс болғандықтан қаршыға көп ауланған. Сондықтан олардың саны жылдан жылға азайып келеді.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика