"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қарақұлақ

 

Қарақұлақ – едәуір ірі мысық (денесінің ұзындығы 70-80 см, құйрығы 20-32 см, салмағы 8-12 кг), сілеусіннен шамалы кіші. Сыртқы түріне, яғни құлағындағы шашағы, қысқа құйрығы және ұзын аяқтарына, қысқалау тұлғасына қарап, беймарал «шөл сілеусіні» деп атауға болады. Терісі ақшыл, сарғыш, тек құлағының артқы жағы мен шашағы қара түсті. Шығыс Каспий маңы шөлді аймақтары – Маңқыстау, Бозашы, үстірттің батыс жағында мекендейді. Солтүстік Қызылқұмда сирек кездеседі. Түнде тіршілік етеді. Қыста жиі күндіз белсенді. Күшті және епті жыртқыш. Ертеде Шығыс халқының кейбірі оны аулағыш аң ретінде пайдаланған (тіпті қарақұйрықтарды ұстаған). Кейде қой мен қозыларға шабуыл жасайды. Бөтен індер мен ну тоғайларды қоныстайды. Сәуір-мамырда 2-4 марқаулары туылады, күзде ересектерімен бірдей болады. Сирек кездесетін түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Санының азаюының негізгі себептері – қатал әрі қары көп қыс пен қасақылық. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика