"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қаз

 

Қаз

Қаз — үйрек тұқымдасына жататын құс. Қаздың жабайы түрлерінің салмағы 2 - 6 кг, дене түркы 60 - 100 см. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Әр ұяда 5-8 жұмыртқа болады, оны мекиені басады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздан тараған. Асыранды қаздың түсі, ірілігі әр түрлі, мамығы көп болады, бұл оны суықтан сақтайды. Балапан қаз 265-350 күндігінде жұмыртқалай бастайды. Тұқымына, күтіп бағуына, ауа райына қарай 4-8 ай жұмыртқа салады. Қазды 5-6, кейде 8 жыл қолда ұстауға болады. 3-4 мекиенге 1 кежек қосады. Қазды әдетте 6 айлығында етке сояды. Қаз етінде 16% белок, 35% май болады. Қаз майы — үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика