"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Күнжіт

Күнжіт — күнжіт тұқымдасына жататын бір жылдық не көп жылдық өсімдік туысы. Негізінен Оңтүстік Африкада, Мадагаскар, Сокотра аралдарында, Онтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Солтүстік Австралияның тропиктік, субтропиктік белдемдерінде өсетін 35-ке жуық түрі бар. Екпе түрі — Үнді күнжіті. Биікгігі 1-2 м, сабағы тік, бұтақты, 4-8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке жайылады. Төменгі жапырақтары қысқа, жалпақ, орта тұсындағылары ірі, гүлі ірі, ұзындығы 4 см-ге жетеді. Күлтесі ашық кызғылт, күлгін не ақ. Жемісі 4,5 не 8 қырлы қорапша, ұзындығы 3-5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы төгіледі. Бір қорапшада ұзындығы 2,5-3,5 мм, ені 1,6-2 мм, 80-ге жуық дән болады. Сортына, өсірілген жеріне байланысты вегетациялық кезеңі 80-150 күн. Жарық, жылу сүйгіш өсімдік. 18-20°С-тан жоғары температурада жақсы көктейді. Күнжіт май алу үшін өсіріледі. Дәнінде 45-59% май болады. Оны тағам, кондитер өндірісі, медицина, техника салалары пайдаланады. Күнжітгің әр гектарынан 1,2-1,5 ц дән алынады.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика