"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Кептер

Кептер — кептертәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең таралған (тек полюстік облыстарда кездеспейді). Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептер (4 түрі) бар. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында — көгершін деп атайды. Республиканың оңтүстік жартысында көк кептер; Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда құз кептер; Жайық өзенінің аңғарында дыркептер, Арал теңізінен Алакөл казаншұңқырына дейінгі шөл далада коңыр кептер таралған. Сондай-ақ, республиканың таулы аймақтарындағы жалпақ жапырақты орман белдеуінің етегінде түркептер; шығыста, оңтүстік аймақтағы тауларда, орманды далада, далалық жерлерде үлкен түркептер кездеседі. Кептерлердің қанатының ұзындығы 180-250 мм, салмағы 240-350 г (дыркептер - 600 г-дай). Басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. Кептерлердің көпшілігінің қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Дыркептер, түзкептер, қоңыр кептер, түркептер, үлкен түркептер — жыл құсы, қалған түрлері — отырықшы құстар. Екі ақ жұмыртқасын мекиені мен қоразы 14-30 күн бойы кезектесіп басады, балапандарын екеулеп қоректендіреді. Ағаш басына, жартасқа, жардағы інге, қора-жайға, кейбір түрлері жерге ұялайды. Көбі жылына 2 рет, кейбіреуі 4-5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдастарының дәнімен, шошқа жаңғақпен қоректенеді.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика